Әлем

Ыстықөлге отбасымен демалуға барған қазақстандық көз жұмды

Ер адамның денесі коттеджден табылған
Sputnik

АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Ыстықкөл облысында Қазақстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды "Кабар" агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Токиода алты жасар қазақстандық көз жұмды

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, бүгін құқық қорғау органдарына Бөстері курортты кентінде ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат түскен. 

Марқұмның Қазақстан азаматы екені анықталды. 

"Ол 2 тамызда Ыстықкөл облысына әйелі және төрт баласымен демалуға келген. Ер адамның денесі коттеджден табылды. Әйелінің айтуынша, күйеуі курортқа келгелі бері ішімдік ішкен", — деді құқық қорғаушылар.