АСТАНА, 1 тамыз — Sputnik. Астанадағы Ұлттық ғылыми-кардиохирургия орталығында Павлодар облысынан келген науқасқа жасанды жүректің орнына донорық жүрек салынды, деп хабарлады Елорда Инфо.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың 19 қазанында Астанада алғашқы халықаралық жасанды жүрек имплантациясы жасалған болатын. Ауыр жағдайдағы жүрек жеткіліксіздігімен ауырған Павлодар облысының тұрғыны Құнанбай Абраевқа француздық Carmat компаниясының жасанды жүрегі салынды.
Жасанды жүректі импланттау науқастың өмірін сақтаудың жалғыз жолы болды. Арада 8 ай өткен соң, 2018 жылдың 19 маусымында Құнанбай Абраевқа ортотопиялық жүректі транспланттау отасы жасалды.
"Мұндай науқастарға жасанды сол жақ қарынша немесе тұтас жасанды жүрек имплантталады. Бұл CARMAT жасанды жүрегінен кейін донорлық жүрек салынған әлемдегі алғашқы науқас", — деді "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя.
Сондай-ақ ол не себепті науқасқа бірден донорлық жүрек салынбағанын айтып берді.
Балаларға зиянды тағамдардың қатарында жүзім мен бал да бар болып шықты
Сондай-ақ кардиохирургия орталығының мамандары жасанды жүрегі донорлық жүрекке ауыстырылған науқас палатада жатқанын, туыстарымен сөйлесіп, теледидар көргенін айтты.
Жаңғақтың жүрекке қандай пайдасы бар екені анықталды