Өңірлер

Тараз тұрғыны жүрегінің жарты бөлігін механикалық құрылғыға алмастырды

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуОперация, архивтегі фото
Операция, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жасанды жүрек адам өмірін 5-10 жылға ұзартып, жұмысқа қабілетті етеді

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Таразда екі апта бұрын алғаш рет жүрекке имплантация жасалды. Бүгін сәтті отаның шапағатын көрген науқастың жағдайымен 77news.kz тілшісі тілдесіп қайтты.   

Операция, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде алғаш рет науқасқа жасанды жүрек салынды

Дмитрий Ким жүрегінің жарты бөлігін механикалық жасанды жүрекке алмастырған Жамбыл жеріндегі алғашқы жан. Ол – Тараз қаласының тумасы. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі дертімен алысып келе жатқанына жеті жыл болыпты. Осы жылдар ішінде көрер жарығым таусылар күн жақын деген жансақ пікірге өзін сендіріп келіпті. Алайда жаңашылдыққа жаны құштар Сейітхан Жошыбаевтың мұрындық болуымен ашылған Кардиоирургия және трансплантология ғылыми орталығы арқасында өмірге қайта келгендей.           

Жүрек имплантациясы дегеніміз ол кеудедегі жұдырықтай еттің қызметі нашарлаған уақытта сол жақ бөлігіне қойылатын механикалық тірек. Бұл құрылғы арқылы адам өмірі 5-10 жылға ұзарады. Ал осы аралықта дәрігерлер донор іздестіріп, жүректі тірі ағзаға ауыстырады. Статистика мәліметіне сәйкес облыс бойынша 250-ден аса адам созылмалы жүрек ауыруымен есепте тұр екен.

Жүрекке жасалған имплантациядан кейін науқас жан механикалық құрылғыға тәуелді болады. Бірақ бұл ел қатарлы жұмыс жасаймын дегендер үшін кедергі бола алмайды. Тек дәрігердің бақылауында болып, айтқанынан шықпаса болғаны.

 

Жаңалықтар
0