АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында ҰҚК қызметкерлері сұйытылған газды шетелге заңсыз шығарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Қордай аудандық сотының үкімімен Темір Жаманғызов, Нұржан және Ержан Тәліповтар шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімімен мемлекетке көлік құралдары, сондай-ақ шамамен 50 мың килограмм сұйытылған газ қайтарылды.
Қылмыстық топты жою және сұйытылған газды шетелге заңсыз шығару арнасының жолын кесу Жамбыл облысы халқының көк отынға деген сұранысын қамтамасыз етіп, ішкі нарықта оның тапшылығын азайту арқылы бағаның өсуін тоқтатуға ықпал етті.