Экономика

"7-20-25" бойынша алғашқы айдағы қорытынды: қанша қазақстандық баспаналы болады

Қазақстанның Ұлттық банкі әр он күн сайын "7-20-25" бағдарламасы бойынша есеп береді
Sputnik

АСТАНА, 31 шілде — Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашқы айдың қорытындысын жасады.

"7-20-25": Түркістан облысында қанша үй салынып жатыр?

30 шілдедегі ахуал бойынша 749 қазақстандық 8,6 миллиард теңгеден астам сомаға несие алуға өтініш берген. Қазір 4,8 миллиард теңге сомаға 422 несие ресімделді.

Ұлттық банк әр 10 күн сайын бағдарлама барысы жайында есеп беріп отырады. Соған сәйкес, алғашқы 10 күнде 70 несие, келесі 10 күнде 242 несие, соңғы 10 күнде 110 несие берілгенін көре аламыз. 

Толығырақ Sputnik инфографикасынан оқи аласыздар.

"7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашқы айдың қорытындысы

2018 жылдың 4 шілдесінен бастап Қазақстанда "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаның шарты атауында көрсетілген: 7% — пайыздық үстеме, 20% — бастапқы жарна, 25 – несиені өтеу мерзімі.

Тағы оқыңыз:

"7-20-25" бағдарламасы жайында толығырақ Sputnik дерекқорынан біле аласыз.