Экономика

"7-20-25" бойынша алғашқы айдағы қорытынды: қанша қазақстандық баспаналы болады

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуПәтер
Пәтер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның Ұлттық банкі әр он күн сайын "7-20-25" бағдарламасы бойынша есеп береді

АСТАНА, 31 шілде — Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашқы айдың қорытындысын жасады.

тұрғын үй ауданы, архив - Sputnik Қазақстан
Экономика
"7-20-25": Түркістан облысында қанша үй салынып жатыр?

30 шілдедегі ахуал бойынша 749 қазақстандық 8,6 миллиард теңгеден астам сомаға несие алуға өтініш берген. Қазір 4,8 миллиард теңге сомаға 422 несие ресімделді.

Ұлттық банк әр 10 күн сайын бағдарлама барысы жайында есеп беріп отырады. Соған сәйкес, алғашқы 10 күнде 70 несие, келесі 10 күнде 242 несие, соңғы 10 күнде 110 несие берілгенін көре аламыз. 

Толығырақ Sputnik инфографикасынан оқи аласыздар.

© Sputnik"7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашқы айдың қорытындысы
7-20-25 тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашқы айдың қорытындысы - Sputnik Қазақстан
"7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша алғашқы айдың қорытындысы

2018 жылдың 4 шілдесінен бастап Қазақстанда "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаның шарты атауында көрсетілген: 7% — пайыздық үстеме, 20% — бастапқы жарна, 25 – несиені өтеу мерзімі.

Тағы оқыңыз:

"7-20-25" бағдарламасы жайында толығырақ Sputnik дерекқорынан біле аласыз.

Жаңалықтар
0