АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Шымкентте 2 жасар бала табылды. Қараусыз қалған қызды Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөліміне алып келген. Әкелгендердің кім екені белгісіз.
Otyrar.kz сайтының хабарлауынша, тәртіп сақшылары тез арада аудандық ІІБ-ге жедел жәрдем шақыртқан.
Мамандар баланы ауруханаға алып кетті. Дәрігерлер консилиум жасаған. Кішкентай сәбиден ешқандай ақау байқалмапты. Бала ата-анасынан адасып қалды ма, әлде әдейі тастап кеткен бе, ол жағы белгісіз. Қазір балалар үйінде, ата-анасы табылғанша сол жерде болады.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері баланың ата-анасын іздеумен айналысып жатыр.