Оқиға

Шымкентте белгісіз біреу баланы полиция бөліміне тастап кетті

CC0 / Myshanah / Баланың иллюстративті фотосы
Баланың иллюстративті фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер баланың ата-анасын іздеумен айналысып жатыр, дәрігерлер сәбиден ешқандай ақау таппаған

АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Шымкентте 2 жасар бала табылды. Қараусыз қалған қызды Әл-Фараби аудандық ішкі істер бөліміне алып келген. Әкелгендердің кім екені белгісіз.

Бала - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қорқып қаша жөнелді: тау ішінде қаза тапқан баланың үрейін ұшырған не?

Otyrar.kz сайтының хабарлауынша, тәртіп сақшылары тез арада аудандық ІІБ-ге жедел жәрдем шақыртқан.

Мамандар баланы ауруханаға алып кетті. Дәрігерлер консилиум жасаған. Кішкентай сәбиден ешқандай ақау байқалмапты. Бала ата-анасынан адасып қалды ма, әлде әдейі тастап кеткен бе, ол жағы белгісіз. Қазір балалар үйінде, ата-анасы табылғанша сол жерде болады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері баланың ата-анасын іздеумен айналысып жатыр.
Жаңалықтар
0