АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. Бейсенбі күні Хургада — Алматы әуе кемесі қонып жатқанда төтенше жағдай болды.
"Алматы әуежайында екінші айналымға кету кезінде 5038 рейсін (Хургада — Алматы) орындайтын әуе кемесі артқы тірегімен ұшу-қону жолағына тиіп кетті", — деп хабарлады SCAT әуекомпаниясы.
Хабарламада ұшақ аман-есен қонғаны аталып өткен, зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда әуе компаниясы жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатыр, әуе оқиғасынан кейін SCAT-та тергеу жұмыстары басталды.