Оқиға

Алматы әуежайында төтенше жағдай болды

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҰшақ. Архивтегі фото
Ұшақ. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әуе оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ, SCAT әуе компаниясы тергеу жүргізіп жатыр

АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. Бейсенбі күні Хургада — Алматы әуе кемесі қонып жатқанда төтенше жағдай болды. 

Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ұшақтың құлап бара жатқан сәтін жолаушы видеоға түсіріп алған

"Алматы әуежайында екінші айналымға кету кезінде 5038 рейсін (Хургада — Алматы) орындайтын әуе кемесі артқы тірегімен ұшу-қону жолағына тиіп кетті", — деп хабарлады SCAT әуекомпаниясы. 

Хабарламада ұшақ аман-есен қонғаны аталып өткен, зардап шеккендер жоқ. 

Қазіргі таңда әуе компаниясы жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатыр, әуе оқиғасынан кейін SCAT-та тергеу жұмыстары басталды.   


Жаңалықтар
0