Қоғам

Астаналықтарға жолдарда кептеліс болуы мүмкін екені ескертілді

Жұма күні кешкі уақыттан дүйсенбіге дейін елорда даңғылдарының бірінде бірнеше учаске жабық болады
Sputnik

АСТАНА, 27 шілде — Sputnik. Астанада Мәңгілік ел даңғылы 27-30 шілде аралығында ішінара жабық болады.

Жолақы 200 теңгеге дейін көтеріле ме? Исекешев жауап берді

Астана әкімдігінің ресми сайты қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қазіргі кезде Мәңгілік ел даңғылының Сарайшық көшесі мен Керей-Жәнібек хандар көшесі аралығындағы  учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

Асфальтбетонның беткі қабат жабындысын төсеуге байланысты төменде көрсетілген учаскелер бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын толық шектеу жоспарланған:

27 шілде сағат 18:00-ден 28 шілде сағат 18:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылының Сарайшық көшесінен Сулы-жасыл гүлзар учаскесіне дейінгі аралығы;

  28 шілде сағат 18:00-ден 29 шілде сағат 18:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылының Сулы-жасыл гүлзардан бастап Бас прокуратура қиылысына дейінгі аралығы;

 29 шілде сағат 18:00-ден 30 шілде сағат 18:00-ге дейін Мәңгілік ел даңғылының Бас прокуратура қиылысынан бастап Керей-Жәнібек хандар көшесі аралығына дейінгі учаскесі;

Қала билігі елорда тұрғындары мен қонақтарына жолда кептеліске тап болмау үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес берді.