Өңірлер

Павлодарда 11-қабаттан құлаған әйел жас жігітті өлтіре жаздады

Жас жігіт баспалдақпен үйдің кіреберісіне көтеріліп бара жатқанда, үстіне әйел құлайды
Sputnik

АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде павлодарлық әйелдің 11-қабаттың балконынан құлаған сәті түсіп қалған видео тарады. 

Қарағанды облысында екі бала терезеден құлап кетті

Оқиға 24 шілде күні Павлодарда Тәуелсіздік даңғылында болған. №52 үйден "жедел жәрдемге" 11-ші қабаттан құлаған әйелге көмек көрсету туралы хабар түседі. Бірақ елу жас шамасындағы әйел дәрігерлер келгенше көз жұмды. 

Инстаграмдағы "Типичный Павлодар" парақшасында әйелдің жоғарыдан құлаған сәті түсіп қалған видео тарады. Видеодан марқұмның баспалдақпен үйдің кіреберісіне көтеріліп бара жатқан жігіттің үстіне құлағанын көруге болады. Қатты соққыдан жас жігіт жеңіл-желпі жарақат алған. 

Облыстық ІІД Sputnik тілшісіне ақпаратты растады. 

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама белгіленді.