Фото

Әлемдегі ең бай әрі бойдақ жігіттер - фото

Sputnik

Бүгінгі суреттер топтамасынан әлемдегі ең бай бойдақтардың ондығын тамашалай аласыз. Оларға тұрмысқа шығуды армандаған қыздар, танымал актрисалар мен топ-модельдер, сылқым арулар мен басқа да сұлулар ұзақ-сонар кезекке тұрады, бірақ…

Бұл жігіттердің жүрегі алынбас қамал сияқты! Олардың назарын өзіне аударып, жүрегін жаулауға бірде-бір нәзік жандының қауқары жетпеді.

Тағы оқыңыз: ТМД елдерінің ең сұлу қыздары — фото

1 / 10
Хамдан бин Мохаммед бин Рашид әл-Мактум — Дубай әмірлігінің 35 жастағы тақ мұрагері. Шейх Хамдан — нағыз шығыс ханзадасы, шексіз байлық иесі. Тақ мұрагерінің хоббиі де көп – бүркітпен аң аулау, ат спорты, "Формулы-1" жарысы. Оның байлығы 18 миллиард доллардан асады.
2 / 10
Илон Маск — қазіргі заманғы "бизнесмен-superstar". Ол қоғам назарына іліккен бірнеше мықты жобаның негізін салушы – SpaceX, Tesla және Hyperloop. Forbes журналының мәліметі бойынша, Масктың кірісі былтырғы жылы 20 миллиард доллардан асқан.
3 / 10
Келбетті итальян серісі әрі ертегідегі ханзада Лоренцо Боргезе Милан қаласында туған. Алайда қазір Нью-Йоркте тұрады. Үй жануарларына арналған органикалық косметика өндіретін фирманың иесі, сонымен қатар жануарларды қорғау бойынша жеке меншік қоры бар. Қолына ақ құсын қондыру үшін ханзада тіпті бірнеше телешоуға да қатысыпты. Олардың ішінде – көпшілікке танымал "Бойдақ" және "Ханзадалар сүйген жарын іздейді". Соған қарамастан, бірде-бір ару итальян ханзадасының жүрегін жаулай алмапты.
4 / 10
Бүкіл әлемге әйгілі Twitter желісі мен Square мобильді төлем қызметін ойлап тапқан Джек Дорси Голливудтың өзін тәнті етер еді. 41 жастағы сылқым жігіт өте ақылды ғана емес, байлығы да жетіп артылады. Жылаңыздар, қыздар, әрі қуаныңыздар. Оған қол жеткізу – сұлулардың бәріне арман! Дегенмен, әлі бойдақ, сондықтан үміт те жоқ емес.
5 / 10
Жирен шашты компьютер данышпаны Патрик Коллисон eBay интернет-аукционында саудаға арналған қосымшалар жасап шығаратын алғашқы компаниясын сатып, 19 жасында миллиардер атанды. Сонымен бірге, Stripe электронды төлем қызметінің негізін қалаушылардың бірі. Жас, ақылды әрі бойдақ жігіт!
6 / 10
"ВКонтакте" әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров – кәсіпкер, бағдарламашы әрі миллиардер. 2017 жылы Ресейдің ең бай 200 бизнесменінің қатарына кірді. Forbes журналы бойынша 2018 жылы табысы 1,7 миллиард доллар болды. Павел өмірлік жарын әлі кезіктірген жоқ.
7 / 10
WhatsApp мессенджерінің негізін қалаушы, әлемнің ең бай адамдарының бірі, 42 жастағы Ян Кум Украинада дүниеге келген. Шындығында, өте кедей отбасыдан шыққан. 90-шы жылдардың басында болашақ миллиардер АҚШ-қа көшіп, 9 жыл Yahoo компаниясында жұмыс істейді. Тағы біраз жыл жәрдемақыға күнелтіп, енді, міне, қомақты табыс иесіне айналып отыр.
8 / 10
Король династиясының өкілі Князь Альберт II Турн-и-Таксис 1983 жылы 24 маусымда Германия сарайында дүниеге келген. Жоғары мәртебелі ханзада әлі бойдақ.
9 / 10
Мұрагер ханзада Хусейн ибн Абдалла II – Иордания королі Абдолла мен жары Ранияның 23 жастағы ұлы. Ханзада футбол десе ішкен асын жерге қояды әрі тауға өрмелеумен де шұғылданады. Әкесі өмірден озған соң Хусейн ибн Абдалла таққа отырады.
10 / 10
Тағы бір бай әрі бойдақ жігіт – Рюстенбург королі Госи Леруо Молотлег. Африкадағы ең бай тайпалардың бірінің мәртебелі басшысы сүйіктісін әлі жолықтырмапты.