Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әлемдегі ең бай әрі бойдақ жігіттер - фото

Жазылу
Байлығы шексіз, мәртебесі зор, түр десе түрі, бой десе бойы бар және, ең бастысы... үйленбеген! Әлемнің ең келбетті бойдақ жігіттері кімдер?

Бүгінгі суреттер топтамасынан әлемдегі ең бай бойдақтардың ондығын тамашалай аласыз. Оларға тұрмысқа шығуды армандаған қыздар, танымал актрисалар мен топ-модельдер, сылқым арулар мен басқа да сұлулар ұзақ-сонар кезекке тұрады, бірақ…

Бұл жігіттердің жүрегі алынбас қамал сияқты! Олардың назарын өзіне аударып, жүрегін жаулауға бірде-бір нәзік жандының қауқары жетпеді.

Тағы оқыңыз: ТМД елдерінің ең сұлу қыздары — фото

© AFP 2024 / MARWAN NAAMANIХамдан бин Мохаммед бин Рашид әл-Мактум — Дубай әмірлігінің 35 жастағы тақ мұрагері. Шейх Хамдан — нағыз шығыс ханзадасы, шексіз байлық иесі. Тақ мұрагерінің хоббиі де көп – бүркітпен аң аулау, ат спорты, "Формулы-1" жарысы. Оның байлығы 18 миллиард доллардан асады.
Хамдан бин Мохаммед бин Рашид әл-Мактум - Sputnik Қазақстан
1/10
Хамдан бин Мохаммед бин Рашид әл-Мактум — Дубай әмірлігінің 35 жастағы тақ мұрагері. Шейх Хамдан — нағыз шығыс ханзадасы, шексіз байлық иесі. Тақ мұрагерінің хоббиі де көп – бүркітпен аң аулау, ат спорты, "Формулы-1" жарысы. Оның байлығы 18 миллиард доллардан асады.
© AP Photo / Evan AgostiniИлон Маск — қазіргі заманғы "бизнесмен-superstar". Ол қоғам назарына іліккен бірнеше мықты жобаның негізін салушы – SpaceX, Tesla және Hyperloop. Forbes журналының мәліметі бойынша, Масктың кірісі былтырғы жылы 20 миллиард доллардан асқан.
Илон Маск - Sputnik Қазақстан
2/10
Илон Маск — қазіргі заманғы "бизнесмен-superstar". Ол қоғам назарына іліккен бірнеше мықты жобаның негізін салушы – SpaceX, Tesla және Hyperloop. Forbes журналының мәліметі бойынша, Масктың кірісі былтырғы жылы 20 миллиард доллардан асқан.
© AP Photo / Scott RothКелбетті итальян серісі әрі ертегідегі ханзада Лоренцо Боргезе Милан қаласында туған. Алайда қазір Нью-Йоркте тұрады. Үй жануарларына арналған органикалық косметика өндіретін фирманың иесі, сонымен қатар жануарларды қорғау бойынша жеке меншік қоры бар. Қолына ақ құсын қондыру үшін ханзада тіпті бірнеше телешоуға да қатысыпты. Олардың ішінде – көпшілікке танымал "Бойдақ" және "Ханзадалар сүйген жарын іздейді". Соған қарамастан, бірде-бір ару итальян ханзадасының жүрегін жаулай алмапты.
Лоренцо Боргезе - Sputnik Қазақстан
3/10
Келбетті итальян серісі әрі ертегідегі ханзада Лоренцо Боргезе Милан қаласында туған. Алайда қазір Нью-Йоркте тұрады. Үй жануарларына арналған органикалық косметика өндіретін фирманың иесі, сонымен қатар жануарларды қорғау бойынша жеке меншік қоры бар. Қолына ақ құсын қондыру үшін ханзада тіпті бірнеше телешоуға да қатысыпты. Олардың ішінде – көпшілікке танымал "Бойдақ" және "Ханзадалар сүйген жарын іздейді". Соған қарамастан, бірде-бір ару итальян ханзадасының жүрегін жаулай алмапты.
© AP Photo / Richard DrewБүкіл әлемге әйгілі Twitter желісі мен Square мобильді төлем қызметін ойлап тапқан Джек Дорси Голливудтың өзін тәнті етер еді. 41 жастағы сылқым жігіт өте ақылды ғана емес, байлығы да жетіп артылады. Жылаңыздар, қыздар, әрі қуаныңыздар. Оған қол жеткізу – сұлулардың бәріне арман! Дегенмен, әлі бойдақ, сондықтан үміт те жоқ емес.
Джек Дорси - Sputnik Қазақстан
4/10
Бүкіл әлемге әйгілі Twitter желісі мен Square мобильді төлем қызметін ойлап тапқан Джек Дорси Голливудтың өзін тәнті етер еді. 41 жастағы сылқым жігіт өте ақылды ғана емес, байлығы да жетіп артылады. Жылаңыздар, қыздар, әрі қуаныңыздар. Оған қол жеткізу – сұлулардың бәріне арман! Дегенмен, әлі бойдақ, сондықтан үміт те жоқ емес.
© AP Photo / Rick BowmerЖирен шашты компьютер данышпаны Патрик Коллисон eBay интернет-аукционында саудаға арналған қосымшалар жасап шығаратын алғашқы компаниясын сатып, 19 жасында миллиардер атанды. Сонымен бірге, Stripe электронды төлем қызметінің негізін қалаушылардың бірі. Жас, ақылды әрі бойдақ жігіт!
Патрик Коллисон - Sputnik Қазақстан
5/10
Жирен шашты компьютер данышпаны Патрик Коллисон eBay интернет-аукционында саудаға арналған қосымшалар жасап шығаратын алғашқы компаниясын сатып, 19 жасында миллиардер атанды. Сонымен бірге, Stripe электронды төлем қызметінің негізін қалаушылардың бірі. Жас, ақылды әрі бойдақ жігіт!
© Sputnik / Валерий Левитин / Медиабанкке өту"ВКонтакте" әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров – кәсіпкер, бағдарламашы әрі миллиардер. 2017 жылы Ресейдің ең бай 200 бизнесменінің қатарына кірді. Forbes журналы бойынша 2018 жылы табысы 1,7 миллиард доллар болды. Павел өмірлік жарын әлі кезіктірген жоқ.
Павел Дуров - Sputnik Қазақстан
6/10
"ВКонтакте" әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров – кәсіпкер, бағдарламашы әрі миллиардер. 2017 жылы Ресейдің ең бай 200 бизнесменінің қатарына кірді. Forbes журналы бойынша 2018 жылы табысы 1,7 миллиард доллар болды. Павел өмірлік жарын әлі кезіктірген жоқ.
© AFP 2024 / LLUIS GENE WhatsApp мессенджерінің негізін қалаушы, әлемнің ең бай адамдарының бірі, 42 жастағы Ян Кум Украинада дүниеге келген. Шындығында, өте кедей отбасыдан шыққан. 90-шы жылдардың басында болашақ миллиардер АҚШ-қа көшіп, 9 жыл Yahoo компаниясында жұмыс істейді. Тағы біраз жыл жәрдемақыға күнелтіп, енді, міне, қомақты табыс иесіне айналып отыр.
Ян Кум - Sputnik Қазақстан
7/10
WhatsApp мессенджерінің негізін қалаушы, әлемнің ең бай адамдарының бірі, 42 жастағы Ян Кум Украинада дүниеге келген. Шындығында, өте кедей отбасыдан шыққан. 90-шы жылдардың басында болашақ миллиардер АҚШ-қа көшіп, 9 жыл Yahoo компаниясында жұмыс істейді. Тағы біраз жыл жәрдемақыға күнелтіп, енді, міне, қомақты табыс иесіне айналып отыр.
© AFP 2024 / ANGELIKA WARMUTHКороль династиясының өкілі Князь Альберт II Турн-и-Таксис 1983 жылы 24 маусымда Германия сарайында дүниеге келген. Жоғары мәртебелі ханзада әлі бойдақ.
Альберт Фон Турн-и-Таксис - Sputnik Қазақстан
8/10
Король династиясының өкілі Князь Альберт II Турн-и-Таксис 1983 жылы 24 маусымда Германия сарайында дүниеге келген. Жоғары мәртебелі ханзада әлі бойдақ.
© AFP 2024 / Khalil MAZRAAWIМұрагер ханзада Хусейн ибн Абдалла II – Иордания королі Абдолла мен жары Ранияның 23 жастағы ұлы. Ханзада футбол десе ішкен асын жерге қояды әрі тауға өрмелеумен де шұғылданады. Әкесі өмірден озған соң Хусейн ибн Абдалла таққа отырады.
Принц Хусейн ибн Абдалла II, архивное фото - Sputnik Қазақстан
9/10
Мұрагер ханзада Хусейн ибн Абдалла II – Иордания королі Абдолла мен жары Ранияның 23 жастағы ұлы. Ханзада футбол десе ішкен асын жерге қояды әрі тауға өрмелеумен де шұғылданады. Әкесі өмірден озған соң Хусейн ибн Абдалла таққа отырады.
© AFP 2024 / STRТағы бір бай әрі бойдақ жігіт – Рюстенбург королі Госи Леруо Молотлег. Африкадағы ең бай тайпалардың бірінің мәртебелі басшысы сүйіктісін әлі жолықтырмапты.
Рюстенбург королі Госи Леруо Молотлег - Sputnik Қазақстан
10/10
Тағы бір бай әрі бойдақ жігіт – Рюстенбург королі Госи Леруо Молотлег. Африкадағы ең бай тайпалардың бірінің мәртебелі басшысы сүйіктісін әлі жолықтырмапты.
Жаңалықтар
0