Оқиға

Алматы-Қапшағай жолында жүргізуші кісі қағып өлтіріп, қашып кетті

Қазір полиция жүргізуші мен қаза тапқан ер адамның кім екенін анықтап жатыр
Sputnik

АСТАНА, 25 шілде — Sputnik. Алматы-Қапшағай тас жолының 36-километрінде көлік жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп кетті, деп хабарлайды оқиға куәгерлері Sputnik агенттігіне.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, көлік Қапшағайға қарай кетіп бара жатқанда, алдынан ер адам атып шыққан. Жаяу жүргінші жолды тиісті емес жерден кеспек болыпты. Жолдың бұл бөлігі дұрыс жарықтандырылмағандықтан, жүргізуші ер адамды дер кезінде байқамай, қатты жылдамдықпен қағып кетті.

Алматыға жақын жерде жүргізуші кісі қағып өлтірді

Қатты соққыдан ер адам 40-45 метрге ұшып кеткен, ол алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Куәгерлердің болжам бойынша Toyota CAMRY көлігі оқиға орнынан қашып кетіпті. Қаза тапқан ер адамның кім екені әлі анықталған жоқ. Ешқандай құжаты жанынан табылмады.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері, криминалистер және ІІД іздеу бөлімі жұмыс істеп жатыр.