Оқиға

Алматы-Қапшағай жолында жүргізуші кісі қағып өлтіріп, қашып кетті

© SputnikАлматы-Қапшағай жолында жүргізуші кісі қағып өлтіріп, қашып кетті
Алматы-Қапшағай жолында жүргізуші кісі қағып өлтіріп, қашып кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір полиция жүргізуші мен қаза тапқан ер адамның кім екенін анықтап жатыр

АСТАНА, 25 шілде — Sputnik. Алматы-Қапшағай тас жолының 36-километрінде көлік жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп кетті, деп хабарлайды оқиға куәгерлері Sputnik агенттігіне.

Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, көлік Қапшағайға қарай кетіп бара жатқанда, алдынан ер адам атып шыққан. Жаяу жүргінші жолды тиісті емес жерден кеспек болыпты. Жолдың бұл бөлігі дұрыс жарықтандырылмағандықтан, жүргізуші ер адамды дер кезінде байқамай, қатты жылдамдықпен қағып кетті.

© SputnikАлматыға жақын жерде жүргізуші кісі қағып өлтірді
Алматыға жақын жерде жүргізуші кісі қағып өлтірді - Sputnik Қазақстан
Алматыға жақын жерде жүргізуші кісі қағып өлтірді

Қатты соққыдан ер адам 40-45 метрге ұшып кеткен, ол алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше жан тапсырды. Куәгерлердің болжам бойынша Toyota CAMRY көлігі оқиға орнынан қашып кетіпті. Қаза тапқан ер адамның кім екені әлі анықталған жоқ. Ешқандай құжаты жанынан табылмады.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері, криминалистер және ІІД іздеу бөлімі жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтар
0