Мәдениет

Астанада "ТМД аруы" байқауы өтеді: желіде қатысушылардың суреті жарияланды

Сұлулық байқауына қатысушылар финалға он күн қалғанда Астана қаласына жиналды, осы уақыт аралығында олар елдің салт-дәстүрімен танысып, түрлі шараларға қатысады
Sputnik

АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Қазақстанның бас қаласында алғаш рет "ТМД аруы" сұлулық байқауы өткізіледі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ең сұлу аруы титулы үшін 25 қыз бақ сынаспақ, деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Ұлының өлімінен кейін 60 жастағы әйел сұлулық байқауында жеңіп шықты

Астанаға 16 қатысушы елдің (оның ішінде арнайы шақырылған Грузия, Украина, Эстония, Литва, Латвия елдері бар) 18 бен 27 жас аралығындағы арулары келді. Байқауда өз елінің намысын қорғау мәртебесіне ие болу үшін қыздар бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден өтті.

Конкурстың Instagram парақшасында жазылғандай, қатысушылар Астанаға 27 шілде күні болатын байқау финалынан он күн бұрын келді. Осы уақыт аралығында қыздар Қазақстан халықтарының салт-дәстүрімен танысып, елорданың көрікті жерлерін аралап, әртүрлі мерекелік шаралар мен қайырымдылық акцияларына қатысты.

"Байқауға қатысушылар ұлттық костюм киіп, кешкі көйлектермен дефилеге шығады. Эксклюзивті шоу-бағдарламаға әлемдік эстрада жұлдыздары, дарынды әртістер мен әйгілі дизайнерлер қатысады", — дейді ұйымдастырушылар.

Бір қызығы, Ресей елінің намысын Магнитогорск қаласында тұратын 18 жасар қазақ қызы Жанара Хасенова қорғайды.
МәдениетҚазақстанАстанақыздарсұлулық байқауыаруларАстана жаңалықтары