АЛМАТЫ, 24 шілде — Sputnik. Алматы облысының полициясы 17 жастағы бозбалаға қастандық жасады деген күдікпен ер адамды ұстады.
22 шілдеде Жармұхамбет ауылының мас тұрғыны ауруханаға түсті. Облыстық полиция мәліметінше, жәбірленуші қарнынан пышақ жарақатын алған.
Кейінірек белгілі болғандай, ол 21 жастағы көршісімен ішімдік ішіп отырып, екеуінің арасында жанжал шығады да, көршісі бозбалаға пышақ салады. Дәрігерлердің айтуынша, науқас орташа ауыр хәлде жатыр.
Күдікті ұсталды, қастандық жасау дерегі бойынша оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.