Саясат

Путин Назарбаевқа телефон соқты

Қос мемлекет басшылары телефон арқылы өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады
Sputnik

АСТАНА, 23 шілде — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Назарбаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

"Қос мемлекет басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады", — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, екі елдің президенттері алдағы кездесулер кестесін, оның ішінде биыл 12 тамызда Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммиті аясындағы кездесулер барысын қарастырды.

Ақорда баспасөз қызметі атап өткендей, телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.