АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.
"Сочидегі 14 мамырда болған келіссөздердің жалғасы ретінде кейбір өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды", — делінген Кремль сайтындағы хабарламада.
Сочиде 14 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы болып, соның аясында Назарбаев пен Путин ресми емес кездесу өткізді. Сочиде Елбасы әріптесіне "Қазақстан үнемі бірге" екенін айтты.