Өңірлер

Тауда жоғалған бала әлі табылған жоқ: құтқарушылар тікұшақпен іздеуге кірісті

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет тікұшағы іздеу жұмыстарына кірісті
Sputnik

АСТАНА, 23 шілде — Sputnik. Алматы облысында тауда жоғалып кеткен жеті жасар баланы іздеуге Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің тікұшағы кірісті, деп хабарлайды Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Қостанайда із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткен өлі табылды

Бала он күннен бері әлі табылған жоқ. 14 шілде күні 2004-2011 жылдары туған бір топ бала Алматы облысы Жамбыл ауданы Ынтымақ ауылынан жайлауға бет алады. Сол күні кешке бір баланың тау ішінде жоғалып кеткені туралы хабар шыққан.

"Бүгін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы іздеу жұмыстарына кірісті, сонымен қатар баланы жаяу және көлікпен іздеп жатыр", — деп мәлімет берді Иманқұлов.

Алғашқы үш күні баланы 100 адам іздеген болатын.

Алматы облысында бассейнде шомылып жүрген бала суға тұншығып қалды