Оқиға

Алматы облысында бассейнде шомылып жүрген бала суға тұншығып өлді

5 жасар бүлдіршінді судан куәгерлер алып шыққан
Sputnik

АСТАНА, 22 шілде — Sputnik. Алматы облысында "Дос" демалыс аймағында бассейнде шомылып жүрген бала суға тұншығып көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Астанада полицейлер балаларды қағып кетті

Аталған фактіні ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі растады. 

Қайғылы оқиға бүгін Іле ауданындағы Байсерке ауылында болған. 

"11:45-те "Дос" демалыс аймағында куәгерлер бассейннен 2013 жылы туған баланың денесін алып шығады. Ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршін суға шомылу кезінде тұншығып қалған", — делінген хабарламада. 

5 жасар бала сағат 12:15-те есін жимастан ауруханада көз жұмды.