Оқиға

Астанада полицейлер балаларды қағып кетті

© Photo : ДВД Астаныжол полициясы
жол полициясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Патрульдік көліктің жүргізушісіне қатысты процессуалды құжаттар толтырылды

АСТАНА, 22 шілде — Sputnik. Астанада патрульдік көлік екі баланы қағып кетті. Бұл туралы Sputnik порталына елордалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Жол апаты 20 шілде күні Сейфуллин мен Рақымов көшелерінің қиылысында болған.

Алматыда екі жолаушы автобусы соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда екі жолаушы автобусы соқтығысты
Велосипедіне 9 тоғыз жасар бүлдіршінді отырғызған 12 жастағы бала жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан. Сол сәтте оны патрульдік көлік қағып кетеді.

"Жол апаты фактісі бойынша анықтау шаралары жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады полиция. 

Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Балалар медициналық мекемеге жүгінбеген. Жол-көлік оқиғасы елордалық полицияның бейнекамераларына түсіп қалған.

Патрульдік көліктің жүргізушісіне қатысты процессуалды құжаттар толтырылды. Құжаттар процессуалды шешім қабылдау үшін Астананың әкімшілік полиция басқармасына жолданды.

Жаңалықтар
0