АСТАНА, 22 шілде — Sputnik. 60 жастағы австралиялық Робин Кэннер онкологиялық ауруларды зерттеуге ақша жинау үшін сұлулық байқауына қатысып, жеңіп шықты.
Жақында Сиэтлде "Ms World 2018" халықаралық сұлулық байқауы өтті. Байқауға әлем елдерінен 23 ару қатысты, олардың арасында 60 жастағы Робин Кэннер де бар. Кэннер бірнеше жыл бұрын 22 жастағы ұлынан айырылған. Баласы қатерлі ісікке шалдығып, көз жұмыпты.
Байқаудан кейін әділ қазының бірі Робин әдемілігі мен подиумда жүру мәнерімен ғана емес, жан тебірентерлік әңгімесімен де қазылар алқасын тәнті еткенін мәлімдеді, деп жазады ridus.ru.
Робин байқауға қатысу арқылы жақындарынан айырылған әйелдерді жігерлендіргісі келгенін айтты.
"Әлем миссисі" Сәния Шәкірова зираттың жанында жол апатына ұшырады