Оқиға

Солтүстік Қазақстанда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Қозғалтқыштан өрт шығып, автобустың іші жана бастаған
Sputnik

АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында 20 жолаушы мінген атвобустан өрт шықты. Автобус толығымен жанып кетті, құрбандар жоқ, деп мәлімет берді ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі баспасөз қызметі.

Сот 52 жолаушысы өртеніп кеткен автобус жүргізушілеріне қатысты қаулы шығарды

Қысқаша тұйықталу салдарынан көліктің қозғалтқышы өртене бастапты.

"Сенбі күні 11.13-те "Кокшетау — Рузаевка"  жолында КАВЗ "Аврора" автобусының қозғалтқышынан өрт шығып, көліктің салонына ұласты. Автобус Дружба ауылынан Көкшетауға бара жатқан еді. Өрт 12.33-те ауыздықталып, 13.28-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", — деп мәлімет берді құтқарушылар.

1 / 2
Жолаушылар автобусы өртеніп кетті
2 / 2
Жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Барлық жолаушы көліктен өздері шығып, жолай көлікпен межелеген жерлеріне аттанып кеткен.