Қоғам

Астанада Дима Биланның концерті кейінге қалдырылды

22 шілдеге жоспарланған ресейлік әртіс Дима Биланның концерті 15 тамызда болады
Sputnik

АСТАНА, 21 шілде — Sputnik. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы елордада 21 және 22 шілдеде өтуі тиіс ресейлік әртістердің концерттері болмайтынын мәлімдеді.

Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті ұсталды

Ұлттық компания қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиаданың қола жүлдегері қазасына байланысты көңіл айтты.

"Осыған байланысты 21 шілдеге жоспарланған DJ Smash концерті болмайтын болды. Ал 22 шілдеге жоспарланған Дима Биланның концерті 15 тамызға шегеріледі", — делінген "Астана ЭКСПО-2017" хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, 19 шілдеде мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатын алып, көз жұмды. Спорт жұлдызының мезгілсіз қазасы бүкіл Қазақстан халқын күңірентті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев және танымал спортшылар мен әртістер Денистің отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Денистің орындаған әні жарияланды

Бүгін Алматыда Денис Тенді соңғы сапарға шығарып салады. қаласында да спортшымен қоштасу рәсімі өтіп жатыр.

Денис Тенмен қоштасу рәсімі қашан және қайда өтеді?