Әлем

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хе ұзақ жылға сотталды

Елдің бұрынғы басшысына мемлекет қаражатын ысырап жасап, партия істеріне араласты деген айып тағылған болатын
Sputnik

АСТАНА, 20 шілде — Sputnik. Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хе мемлекет қаражатын ысырап етіп, партия қызметіне араласқаны үшін сегіз жылға сотталды, деп хабарлайды РИА Новости "Ренхап" агенттігіне сілтеме жасап.

Пак Кын Хе Оңтүстік Корея мемлекетін басқарудан түбегейлі аластатылды

Сот үкімі бойынша, бұрынғы президент Ұлттық барлау агенттігінің бюджетінен қаражат иемденгені үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен бірге 3,3 миллиард вон (3 миллион доллар) айыппұл төлеуге міндеттелді. Пак Кын Хеге өзі президент болып тұрған кезде билік жүргізген партияның атынан сайлауға үміткерлер тағайындағаны үшін тағы екі жыл берілді.

Сәуір айында Пак Кын Хеге сыбайлас жемқорлық, пара алу, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, мемлекеттік ақпаратты жария ету сияқты айыптаулар тағылған еді. Сол кезде Сеул соты экс-президентті 24 жылға соттаған.