Әлем

Пак Кын Хе Оңтүстік Корея мемлекетін басқарудан түбегейлі аластатылды

© Sputnik / Фотохост-агентство / Медиабанкке өтуПак Кын Хе
Пак Кын Хе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі ай ішінде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізіледі

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Корея Республикасының конституциялық соты президент Пак Кын Хенің импичментін бекітті деп жазады РИА Новости.

Өткен жылы 9 желтоқсанда аса ірі жемқорлық дауының салдарынан ел парламенті мемлекет басшысына импичмент жариялаған болатын.

Конституциялық соттың барлық сегіз судьясы президенті қызметінен аластатуды жақтап дауыс берген. 

Пак Кын Хе мемлекетті басқарудан түбегейлі аластатылады, 60 күн ішінде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізілуі тиіс.

Жаңалықтар
0