Оқиға

Денис Теннің қазасы: ұсталған күдікті кінәсін мойындады

Денис Тенді өлтіргендердің кім екені анықталған, біреуі ұсталды, екіншісін әлі іздеп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Полиция қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысы бар күдіктілердің бірін ұстады.

Денис Тенді соңғы сапарға шығарып салу уақыты мен орны белгілі болды

"Денис Тенді өлтіру дерегі бойынша жедел тергеу шаралары нәтижесінде қылмысқа қатысы бар адамдардың кім екені анықталды", — деп хабарлады ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі.

Денис Тенді өлтірген кім?

Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Екіншісін әлі іздеп жатыр. Тергеуге зияны тимес үшін басқа мәлімет жарияланбайды, деп хабарлады полиция.

Алматы прокуратурасы хабарлағандай, 1994 жылы туған К.Н ұсталды. Ол қылмыс жасағанын адвокаттың көзінше мойындады.

Денис Теннің өліміне қатысы бар күдікті

Денис Тен Алматыда 25 жасында көз жұмды. Түстен кейін үш кезінде Байсейітов және Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы мейрамханадан шыққан ол көлігінің айнасын шешіп алғалы жатқан екі жігітті көреді. Оларды тоқтатуға ұмтылған Денис Тен жамбасынан пышақ жарақатын алған. Дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады, 3 литр қан жоғалтқан Денис 17.30-да ауруханада жан тапсырды.

Спортшыны соңғы сапарға шығарып салу сенбі күні сағат 9.00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.