Оқиға

Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті ұсталды

Алматы соты күдікті Арман Құдайбергеновті екі ай қамауға алуға санкция берген еді
Sputnik

АЛМАТЫ, 20 шілде — Sputnik. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті Арман Құдайбергенов ұсталды. Бұл туралы Алматы ішкі істер департаментінен мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін Арман Құдайбергеновтің сырттай қамауға алынғаны белгілі болған еді. Алмалы ауданының соты күдіктіні екі ай қамауға алуға санкция берді. 

Арман Құдайбергенов, күдікті

Қайғылы оқиға 19 шілдеде күндіз Алматы қаласының орталығында болған. Танымал спортшы тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған. 

Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті сырттай қамауға алынды

Көп қан жоғалтқан спортшы ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды. 

Полиция бүгін таңертең спортшыны өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Нұралы Қиясовтың ұсталғанын хабарлаған еді. Ол қорғаушының көзінше кінәсін мойындады. Жамбыл облысының тумасы Қиясовтың бұған дейін мас күйінде рөлге отырғаны үшін үш жылға жүргізушы куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, ол өткен жылы ұрлық жасағаны үшін сотты болған, бірақ іс тараптар мәмілеге келген соң жабылған.

Видео: Күдікті Денис Тенге шабуылды қалай жасағанын көрсетті