Оқиға

Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті сырттай қамауға алынды

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтусотталушы отыратын жер
сотталушы отыратын жер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот күдіктіні екі ай қамауға алуға санкция берді

АЛМАТЫ, 20 шілде – Sputnik. Алмалы ауданының соты Денис Тенді өлтірді деген екінші күдіктіні сырттай қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денис Теннің қазасы: Назарбаев тапсырма берді

"Қылмыстық істі тергеу аясында сотқа қолдаухат түсті…ҚР ҚК 99-бабы 2-тармағы 8-тармақшасы бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отырған Арман Бөрібайұлы Құдайбергеновті сырттай қамауға алу туралы қолдаухат", — деген еді Sputnik Қазақстанға сотта. 

Бүгін Арман Құдайбергеновтің сырттай қамауға алынғаны белгілі болды. Сот өкілінің айтуынша, бұған дейін ұсталған Нұрәлі Қиясовқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алайда дәл осы уақытта ол Алмалы ауданының сотына жеткізілді. 

"Арман Бөрібайұлы Құдайбергеновке қатысты 2 ай қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы санкцияланды", — деп толықтырды қалалық соттың басасөз қызметінен. 

Денис Теннің өлімі

Еске сала кетсек, трагедия 19 шілдеде күндіз Алматы қаласының орталығында болған. Денис Тен тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған. 

Көп қан жоғалтқан спортшы ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды. 

Полиция спортшыны өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Нұралы Қиясовты ұстады. Ол кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта екінші күдікті – Қызылорда облысының 24 жастағы тумасы Арман Құдайбергенов іздестіріліп жатыр.

Денис Тенді өлтірген қаскөй бұған дейін сотты болған

Жаңалықтар
0