Өңірлер

Атырау тұрғынын аяусыз пышақтап тастаған қырғыз азаматы жазадан босатылды

Бейтаныс ер адамды 52 рет пышақтап өлтірген Қырғызстан азаматы жүйке дертіне шалдыққан болып шықты
Sputnik

АТЫРАУ, 19 шілде — Sputnik. Атырау соты былтыр қараша айында дәмханаға келушілердің бірін 52 рет пышақтап өлтірген Қырғызстан азаматын қылмыстық жауапкершіліктен босатты, деп жазады Sputnik "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Қостанайда қызын пышақтап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

Қылмыс вокзалдағы "Арба" дәмханасында таңертең ерте болған. 1990 жылы туған сотталушы дәмханаға келушілердің бірі – 39 жастағы ер адамға еш себепсіз тап беріп, пышақтай бастайды.

Дәмхана қызметшілерінің ешқайсысы қанішерді тоқтатуға батылы жетпеген. Қылмыскерді оқиға орнына шақырылған полиция жасағы құрықтады. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенше жан тапсырған болатын.

Прокуратураның бұрынғы қызметкері өз әйелін пышақтап өлтірді

Сотқа дейінгі тергеулер барысында тәртіп сақшылары бірқатар сараптама жүргізген. Дәрігерлер ұсталған ер адам шизофрения дертіне шалдыққан деп қорытынды жасады.

Осыған байланысты облыстық сот айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, Алматы облысы Ақтас ауылындағы арнайы республикалық психиатриялық ауруханаға мәжбүрлі ем алуға жөнелтті.

Жігіт қалыңдығын полиция бөлімінде пышақтап өлтірді