Өңірлер

Қостанайда қызын пышақтап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуСотталушының архивтегі фотосы
Сотталушының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам сот процесі кезінде он бес жасар қызын не үшін пышақтап тастағанын түсіндіріп бере алмады

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Қостанай облысында ер адам қызын өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.  

Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Полиция Қостанайдағы қыздың өліміне қатысты ресми мәлімдеме жасады

Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды, деп жазды "Алау". 

Портал сотталушы үкім оқылған кезде жайбарақат тұрғанын, ал сот процесі кезінде он бес жасар оқушыны не үшін өлтіргенін түсіндіріп бере алмағанын атап өткен.   

Қырық төрт жастағы ер адам бұрын сотталған, 2016 жылы мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан екен. Кейін ол Қостанайдағы туған әпкесінің үйіне қоныстанады, бұл үйде өзінің кәмелетке толмаған қызы тұрып жатқан.   

Биылғы жылдың наурызында ер адам қызымен ұрсысып қалғаны белгілі болды. Жанжалға қызының тіл алмауы себеп болған. Сол күні ішімдік ішкен ер адам қызын бірнеше жерден пышақтап тастаған. Қыз сол жерде жан тапсырды.  


Жаңалықтар
0