Спорт

Қазақстандық бапкердің командасы Чемпиондар лигасында айды аспанға бір-ақ шығарды

Қазақстандық бапкер Владимир Чебуриннің "Судува" командасы кипрлық АПОЭЛ клубынан басым түсті
Sputnik

АСТАНА, 18 шілде – Sputnik. Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде қазақстандық бапкер Владимир Чебурин жетекшілік еткен литвалық "Судува" командасы екі матчтың қорытындысы бойынша кипрлық АПОЭЛ клубын артқа тастады, деп хабарлайды Sports.kz.

Чемпиондар лигасын қатарынан үш рет ұтқан Зинедин Зидан қызметінен босады

Бірінші матчта "Судува" өз алаңында кипрлықтарды 3:1 есебімен ұтқан. Ал қарымта ойын 1:0 есебімен АПОЭЛ пайдасына шешілді. Жиырмасыншы минутта Микаэль Поте гол соққан. Алайда, жеңілісіне қарамастан, литвалық команда іріктеудің екінші кезеңіне жолдама алды. Айта кетсек, бұл тартыстың айқын фавориты, букмекерлік кеңселердің пайымдауынша, АПОЭЛ болған еді.

Екінші іріктеу кезеңінде "Судува" "Спартак" (Латвия) — "Црвена Звезда" (Сербия) кездесуінің жеңімпазымен бақ сынасады.

Естеріңізге сала кетсек, өткен маусымда Чебуриннің командасы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне дейін жеткен болатын.