Спорт

Чемпиондар лигасын қатарынан үш рет ұтқан Зинедин Зидан қызметінен босады

© AP Photo / Borja B. HojasЗинедин Зидан "Реал" футбол клубының бас бапкері қызметінен кететінін жариялады
Зинедин Зидан Реал футбол клубының бас бапкері қызметінен кететінін жариялады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зиданның жаттықтыруымен "Реал Мадрид" тоғыз жүлдеге қол жеткізді

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан қызметінен босады. Бұл туралы бүгінгі арнайы баспасөз-мәслихатында ресми түрде хабарланды, деп жазды prosports.kz.

Жанкүйерлер Реалдың Чемпиондар лигасындағы жеңісін тойлап жатыр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкенттік "Реалдың" жеңісіне 10 миллион теңге тігіп, қомақты ұтысқа ие болды

45 жастағы маман "Реалдың" тізгінін 2015/16 жылғы маусымның ортасында ұстап, командамен бірге қатарынан үш маусымда Чемпиондар лигасын ұтып алған болатын. Бұл Чемпиондар лигасының тарихында рекорд саналады. Кәрі құрлықтың басты додасын бұған дейін мадридтік клубтан басқа командалар қатарынан 2-3 рет жеңіп көрмеген еді. 

Сондай-ақ, Зиданның басқаруымен "Реал" Испания чемпионатын, ел Суперкубогын, екі мәрте УЕФА Суперкубогында, сонымен қатар, екі рет клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған еді.

Жалпы есептегенде Зиданның жаттықтыруымен "Реал Мадрид" 9 жүлдеге қол жеткізді.


Жаңалықтар
0