Қоғам

Сарыағашта зорланды делінген 7 жасар баланың ісі не болып жатыр?

Аружан Сайынның айтуынша, іс жабылмаған, тергеу жүріп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Қоғам белсендісі Аружан Сайын Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылында зорланды деген 7 жасар баланың ісіне қатысты ақпарат берді.

Аружан Сайын әлдекім денесіне қасақана ине тыққан қыздың тағдыры туралы айтты

Оның айтуынша, іс жабылмаған, тергеу жалғасып жатыр. Бүлдіршін анасымен бірге Алматыдағы аналар үйінде. 

"Біздің команда ана мен балаға баспана, тамақтану, денсаулық, репетитор мәселелері бойынша көмектесіп жатыр. Көлік шығыны мен басқа да тұмыстық мәселелерде қол ұшын созуда. Құрманғазы Мүсір Абай ауылынан баланың әжесімен бірге жүретін адвокат іздеп жатыр, бірақ әзірге ешім табылған жоқ", — деп жазды Саин инстаграмдағы парақшасында

Қоғам белсендісі іс жабық режимде жүріп жатқанын атап өтті.

Сарыағашта зорланған баланың ісі неге созылып кетті?

"Адвокат пен баланың анасы ақпарат жарияламау туралы қолхат жазған, сондықтан ештеңе айта алмайды. Тергеуші менің қоңырауларыма жауап бермейді. Бірақ, мен бас кезінде одан басшылығына брифинг немесе баспасөз мәслихаттарын өткізу қажеттігін жеткізуді өтінген едім. Өйткені қазақстандықтардың дені баланың тағдырына алаңдап отыр, халыққа құрмет көрсетіп, оларды құлақтандырып отыру керек. Тым болмаса, баланың құқығын қорғау бойынша дер кезінде шара қабылдамаған, пойыздан түсіріп жіберген адамдарға қатысты тергеу жайында хабардар ету керек", — деп санайды ол.

Әлемде педофилдерге қолданылатын жаза түрлері

Сонымен қатар, Сайын Абай ауылында тағы бір зорланған бала туралы айтты.

Балиева сарыағаштық бала мен тараздық жасөспірімнің істеріне қатысты пікір білдірді

"Бізге түскен ақпаратты біз тергеуге жолдап отырамыз. Атап айтсақ, Абай ауылының тұрғындары тағы бір құрбан бар екенін хабарлағанда, біз бірден тергеуші мен балалардың құқығын қорғау комитетіне хабар бердік. Бұған қатысты қандай да бір шара қолданып-қолданылмағаны бізге белгісіз", — деп жазды ол.

Еске салып өтсек, осы жылдың наурыз айында отандық БАҚ бетінде "Абай ауылындағы мектептердің бірінде 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлаған" деген ақпарат тараған еді. Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында бар-жоғы бірінші сыныпта оқитын оқушыны өзінен 7-8 жас үлкен 4 оқушы 5 ай бойы зорлап келген көрінеді. Жәбір көрдім деген бала бұл туралы туыстарына былтыр тамыз айында айтқан екен. Содан бері полицейлерге неше мәрте барғанымен тәртіп сақшылары шағымды тек қаңтар айында қабылдапты. 

Түркістан облысының әкімі (бұрынғы ОҚО – ред. ескерт) Жансейіт Түймебаев Абай ауылындағы мектепте болған келеңсіз жағдайға байланысты жауапты тұлғаларға шара қолданды.

Абай ауылында зорланған баланың ісін тергеуге шетелдік мамандар тартылды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та зорланған оқушының ісі туралы айтқан болатын. "Қауіпсіздік кеңесінің отырысында да мемлекеттік органдардағы проблемаларды ашық айттым. Мәселен, ОҚО-дағы жоғары сынып оқушылары зорлаған баланың оқиғасы. Іс ұзаққа созылып, туған-туысқандарын әуре-сарсаңға салды. Бәрібір де ештеңе таба алмай, дәлелдей алмадық. Неге екенін білесіздер ме? Барлық жерде туысқандары отырған. Бұл іспен айналысқан полицейлер де – туыстары, жоғары органдарда да туыстар, одан жоғарыда да – туыстары, бәрі істі жабу үшін жасалған", — деген еді президент "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Сарыағашта тағы бір жігіт зорланғанын мәлімдеді