Қоғам

Қазақстанда телеарналар хабар таратуды тоқтатады

Профилактикалық жұмыстарға байланысты телеарналар уақытша көрсетілмейтін болады
Sputnik

АСТАНА, 17 шілде — Sputnik. Қазақстанда сәрсенбі күні профилактикалық жұмыстарға байланысты телеарналар хабар таратуды тоқтатады, деп хабарлады "Қазтелерадио" компаниясы.

Елімізде телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатты

Профилактикалық жұмыстар 18 шілде күні Астана уақыты бойынша түнгі үштен кешкі беске дейін орындалады. Жұмыстарды жүргізу салдарынан телевизиялық және радио сигналдар жоғалып кетеді, деп ескертеді компания.

Сонымен бірге, "Қазтелерадио" компаниясы аталған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Биыл телеарналар хабар таратуды қаңтар және сәуір айларында тоқтатқан еді.