Әлем

Этнофестивальде бүркіт 10 жасар қызға шабуыл жасады

Бастапқы деректер бойынша, құсты қоя бергенде, кішкентай қыз алаңға жүгіріп шыққан
Sputnik

АСТАНА, 17 шілде — Sputnik. Ыстықкөлде бүркіт он жасар қызға шабуылдады, деп жазады Sputnik Қырғызстан.

Гарвард және Оксфорд университеттері қазақтың бүркітші қызын оқуға шақырды

Оқиға "Тескей жээк" этнофестивальінде болған. Аңшы құстарды қоя бергенде, алаңға он жасар қыз жүгіріп шығыпты. Бүркіт баланың басына тырнағын батырып алған.

Абырой болғанда, қыз бала ауыр зардап шекпепті – жыртқыш құстың тырнағы басы мен арқасының терісін сыдырып кеткен. Қазір үйінде, жағдайы жақсы. 

Бүркіттің иесі айтқандай, бұрын соңды қанатты "шәкірттері" мұндай жайтқа тап болмаған көрінеді. Қыз балаға тап берген бүркіттің аты Чагылан, 15 жаста. Бүркітшінің сөзіне сүйенсек, аңшы құс қызға шабуыл жасағысы келмеген, әйтпесе, тырнағын батырып жібермес еді.

Жарыс ұйымдастырушыларының айтуынша, фестивальді өткізген 15 жыл ішінде мұндай оқиға бірінші рет болып отыр.

Бүркітшілер фестивалінің ең айшықты сәттері — фото