Экономика

Маусымда қазақстандықтардың орташа жалақысы қанша болғаны анықталды

Ал жұмыссыздар саны 434, 4 мың адамды құрап отыр
Sputnik

АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Маусым айында қазақстандықтардың орташа айлық атаулы жалақысы 163 604 теңгені құрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҰЭМ статистика комитетіне сілтеме жасап.

29 миллиард теңге қосымша жалақы: кімдер және қашан алады?

Комитеттің ақпаратына сүйенсек, мамырда халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай кірісі 84 206 теңгені құраған. Бұл 2017 жылдың мамыр айына қарағанда 5,1%-ке жоғары. Аталған кезеңде нақты ақшалай кіріс 1,1%-ке төмендеді.

Қазақстандықтардың жалақысын көбейтетін заңға қойылды

"Осы жылдың маусымында бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 163 604 теңгені құрады", — делінген статистика комитетінің сайтында. 

Жұмыссыздар саны 434, 4 мың адамды құрап отыр. Жұмыссыздық деңгейі –4,8%. Ал жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту органдарында тіркелгендер саны өткен айдың соңында 149,5 мың адам болды.

Астаналықтар орта есеппен қанша жалақы алады?