АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Маусым айында қазақстандықтардың орташа айлық атаулы жалақысы 163 604 теңгені құрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҰЭМ статистика комитетіне сілтеме жасап.
Комитеттің ақпаратына сүйенсек, мамырда халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай кірісі 84 206 теңгені құраған. Бұл 2017 жылдың мамыр айына қарағанда 5,1%-ке жоғары. Аталған кезеңде нақты ақшалай кіріс 1,1%-ке төмендеді.
"Осы жылдың маусымында бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 163 604 теңгені құрады", — делінген статистика комитетінің сайтында.
Жұмыссыздар саны 434, 4 мың адамды құрап отыр. Жұмыссыздық деңгейі –4,8%. Ал жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту органдарында тіркелгендер саны өткен айдың соңында 149,5 мың адам болды.