КӨКШЕТАУ, 15 шілде – Sputnik. Көкшетауда полиция сегіз жасар ер баланың ауруханада кенет көз жұмуына байланысты тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik.
Полицияның айтуынша, сегіз жасар бала 11 шіледе іші ауырғанын айтып шағымданады. Жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізіп, азқазанын тазартып, дәрі беріп, қоя берген. Келесі күні бала жеміс-жидек жеп, далада ойнап жүреді. Кенет жағдайы күрт нашарлап, тынысы тарылып, құса бастаған.
Ата-анасы дереу жедел жәрдем шақырып, оны күтпестен, баланы облыстық балалар ауруханасына көлікпен алып барады. Жеткіншекті бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Сол жерде кейін ер бала көз жұмады.
"Кәмелеттік жасқа толмаған баланың өліміне байланысты тексеру басталды, сараптама тағайындалған", — деп хабарлады Ақмола облысы ІІД.
Ведомство атап өткендей, сараптама қорытындысы бойынша баланың өліміне не себеп болғаны анықталады.