Өңірлер

Көкшетау ауруханасында сегіз жасар бала көз жұмды – тергеу жүріп жатыр

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуЖансақтау
Жансақтау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баланың жағдайы күрт нашарларған, оған дейін іші ауырыпты

КӨКШЕТАУ, 15 шілде – Sputnik. Көкшетауда полиция сегіз жасар ер баланың ауруханада кенет көз жұмуына байланысты тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik.

жүкті әйел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанадағы үш әйелдің өлімі: министр Біртанов түсініктеме берді

Полицияның айтуынша, сегіз жасар бала 11 шіледе іші ауырғанын айтып шағымданады. Жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізіп, азқазанын тазартып, дәрі беріп, қоя берген. Келесі күні бала жеміс-жидек жеп, далада ойнап жүреді. Кенет жағдайы күрт нашарлап, тынысы тарылып, құса бастаған.

Ата-анасы дереу жедел жәрдем шақырып, оны күтпестен, баланы облыстық балалар ауруханасына көлікпен алып барады. Жеткіншекті бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Сол жерде кейін ер бала көз жұмады.

"Кәмелеттік жасқа толмаған баланың өліміне байланысты тексеру басталды, сараптама тағайындалған", — деп хабарлады Ақмола облысы ІІД.

Ведомство атап өткендей, сараптама қорытындысы бойынша баланың өліміне не себеп болғаны анықталады.

Жаңалықтар
0