АСТАНА, 15 шілде — Sputnik. Бельгия құрамасы Англия командасын ұтып, 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Ойынның басынан бастап бельгиялықтар жеңіске құштарлығын көрсетіп, төртінші минутта Тома Мёнье қарсыластың қақпасына допты дәл түсірді.
Алғашқы таймнан кейін есеп 1:0 Бельгия құрамасы пайдасына болды.
Ал ағылшындар құрамасы ең жас командалардың бірі ретінде есте қалды: Гарет Саутгейттің шәкірттерінің орташа жасы небәрі 25.
Олардың арасында қазақстандықтар да болды.