Спорт

Тарихта алғаш рет: Бельгия құрамасы әлем чемпионатынан жүлделі қайтты

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуИгроки сборной Бельгии приветствуют болельщиков на церемонии награждения бронзовыми медалями чемпиона мира по футболу 2018
Игроки сборной Бельгии приветствуют болельщиков на церемонии награждения бронзовыми медалями чемпиона мира по футболу 2018 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Санкт-Петербург" стадионында сенбі күні әлем чемпионатының соңғы матчы өтті, ал финал бүгін Мәскеуде болмақ

АСТАНА, 15 шілде — Sputnik. Бельгия құрамасы Англия командасын ұтып, 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Ойынның басынан бастап бельгиялықтар жеңіске құштарлығын көрсетіп, төртінші минутта Тома Мёнье қарсыластың қақпасына допты дәл түсірді.

Алғашқы таймнан кейін есеп 1:0 Бельгия құрамасы пайдасына болды.

Ал ағылшындар құрамасы ең жас командалардың бірі ретінде есте қалды: Гарет Саутгейттің шәкірттерінің орташа жасы небәрі 25.

​Екінші таймда ағылшындар шабуылды үдеткенімен, ешқайсысы нәтижелі аяқталмады. Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Де Брёйне Эден Азарға допты дәл бере қойып, ол екінші голдың авторы атанды.

Ресейдегі футболдан әлем чемпионатына дейін Бельгия ешқашан қола жүлде алып көрген емес.

Үшінші орын үшін таласқан командалардың ойынын алпыс мыңнан астам адам тамашалапты.

​Олардың арасында қазақстандықтар да болды.

Жаңалықтар
0