Әлем

Бала күтушілер интернетте лайк жинау үшін сәбиді шокермен азаптаған

Баланың анасы бұл жайында Желіде жарияланған видеодан бір-ақ білген
Sputnik

АСТАНА, 15 шілде — Sputnik. Жасөспірімдер интернетте лайк жинау үшін сәбиді азаптады.

Интернатта баланың соққыға жығылуы туралы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Арканзаста үш жасөспірім бос уақытында күтуші болып жұмыс істеп жүрген. Бір жасқа айналып қалған сәбидің анасы өзі жоқта қыздардың баланы қинайтынын еш сезбепті, деп жазады Sputnik Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Желіде видео пайда болған соң анықталды. Бейнежазбада жасөспірімдер сәбиді электрошокермен азаптап, оның жылағанына өздері ішек-сілесі қатып күлген.

Кадрларға "Өзі бұзық,ой, ішегім-ай" деген сөздер жазып, күліп тұрған смайликтермен бірге салып қойыпты.

Полиция қыздарды қамауға алып, балаға зорлық-зомбылық жасады деген айып тақты.

Әкесі өз баласын қолшоқпар сияқты ұстап, ашынасын ұрғылаған