Қоғам

Ғалымдар бургердің ешкім күтпеген зиянын анықтады

Бургерді жиі жеудің салдарынан адамдарда демікпе пен аллергиялық аурулар пайда болуы мүмкін
Sputnik

АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Қытайдағы Сычуань университетінің ғалымдары аптасына үш немесе одан да көп бургер жеу демікпенің пайда болу тәуекелін арттыратынын ескертті.

Ғалымдар ракқа қарсы ботқа мен печенье ойлап тапты

Британиялық The Sun басылымының хабарлауынша, зиянды тағамды жиі жеу басқа да аллергиялық аурулардың дамуына себепші болуы мүмкін. Олардың арасында аллергиялық ринит пен пішен безгегі бар. 

Қытайлық мамандар фаст-фудты жиі жеген балалар мен жасөспірімдер артық салмақ жинап, семіздікке шалдығатынын ескертті.

Бұған қоса, ғалымдардың айтуынша, майлы тағам демікпе кезінде тыныс жолдарының қабынуын күшейтіп, нәрлі заттарға бай жеміс-жидек пен көкөністі тұтынуды азайтады. 

Ал басқа да зиянды тағамдардың, мәселен газдалған сусынның ағзаға теріс әсері аса қатты байқалмаған.

Ғалымдар адам өмірін 10 жылға ұзартатын бес құпияны ашты