Қоғам

Ғалымдар ракқа қарсы ботқа мен печенье ойлап тапты

© Photo : CC0 / rawpixelПеченье
Печенье - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азық-түлік өнімдерінің құрамында биойод, селен және ликопин бар

АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Ресейлік ғалымдар ойлап тапқан жаңа азық-түлік өнімдерінде онкологиялық аурулардың алдын алуға септігін тигізетін қоспалар бар.

Ресейлік ғалымдар гормонға тәуелді ісіктердің алдын алу үшін мюсли батончигін, сұлы печеньесі мен жылдам дайындалатын ботқа ойлап тапты.

Ас содасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар ас содасының қатерлі ісіктен қалай құтқаратынын айтты

Өнімдердің құрамында биологиялық белсенді нутриенттер – антиоксидант қызметін атқаратын және қатерлі ісік тәуекелін төмендететін биойод, селен және ликопин бар, деп жазады iz.ru

Ракқа қарсы төтеп беретін өнімдердің авторы – ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетінің ғалымдары.

Ғалымдар қандай ыдыстың рак тудыратынын анықтады

құрамындағы қоспалар нақты бір органның, атап айтқанда өкпе, сүт безі, тоқ ішек, асқазан ісігінің алдын алуға бағытталған.  

Ғалымдардың айтуынша, қазір нарықта онкологиялық аурулардың алдын алатын функционалды азық-түлік өнімдері жоқтың қасы. Ал бұл жоба адамдарға дәріден тағамға көшуге мүмкіндік береді. 

Қазір АТМО университетінің мамандары тиісті сертификат алу үшін клиникаға дейінгі сынаққа дайындалып жатыр. Кейін өнімдерді патенттеуді жоспарлап отыр.

Ғалымдар қатерлі ісік пен кәрілікті қашан жеңетінін айтты

Жаңалықтар
0