Оқиға

Бурабайда велосипедшінің денесі табылды

Астана тұрғыны Бурабай демалыс орнында өлі күйінде табылған, қазасының себебі әлі белгісіз
Sputnik

КӨКШЕТАУ, 13 шілде – Sputnik. Бурабай демалыс орнында зәулім қонақ үйге жақын жерде велосипедшінің денесі табылды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik агенттігіне.

Қостанайда әйел адамның денесі табылды

Бурабай ауданындағы курорттық аумақта қонақ үй жанынан ер адамның мәйіті табылған. Марқұм – Астана тұрғыны, 1959 жылы туған. Бастапқы деректер бойынша, велосипедпен келе жатып, көз жұмған.

Денесінде терісі сыдырылған жерлер табылған.

оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Болжам бойынша, велосипедшіні көлік қағып кеткен.