КӨКШЕТАУ, 13 шілде – Sputnik. Бурабай демалыс орнында зәулім қонақ үйге жақын жерде велосипедшінің денесі табылды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik агенттігіне.
Бурабай ауданындағы курорттық аумақта қонақ үй жанынан ер адамның мәйіті табылған. Марқұм – Астана тұрғыны, 1959 жылы туған. Бастапқы деректер бойынша, велосипедпен келе жатып, көз жұмған.
Денесінде терісі сыдырылған жерлер табылған.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Болжам бойынша, велосипедшіні көлік қағып кеткен.