Оқиға

Інісі өзін өртемек болған ағасын құтқарған: екеуі де өлім аузында жатыр

Зардап шеккендердің жағдайы ауыр, әлі есін жиған жоқ, деп хабарлады дәрігерлер
Sputnik

КӨКШЕТАУ, 13 шілде – Sputnik. Ақмола облысында жас жігіт өзін өртемек болған, құтқармақ болған інісі зардап шегіп, екеуі де ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

СҚО-да ер адам әйелін пышақтап, артынан өзін өртеп жібермек болды

Оқиға Макинск қаласында 12 шілдеден 13 шілдеге қараған түні болған. Бастапқы деректер бойынша, 24 жастағы жігіт үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. 16 жастағы інісі ағасын құтқарамын деп өзі де зардап шеккен. Екеуі де Бұланды орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

"Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы өте ауыр, көлікпен тасымалдауға болмайды, облыстың мамандарымен кеңесіп отырмыз", — деді аудандық аурухана бас дәрігерінің ұйымдастырушылық-медициналық жұмыс бойынша орынбасары Александр Савченко.

Оның айтуынша, екі науқас та ес-түссіз жатыр.

Алматы облысы ІІД: әкесі өз-өзін өртеген кезде зардап шеккен қыз аман қалды

Жаңаөзенде ер адам үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жіберген